Елімізге халықаралық әуе рейстерімен бір күнде 4942 жолаушы келген
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 3 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 халықаралық әуе рейсі келді.
4 942 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 933 адам, анықтамасы жоқ 9 қазақстандық келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 3 102 жолаушы, анықтамамен - 3 095, анықтамасыз - 7;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 771 жолаушы, анықтамамен - 769, анықтамасыз - 2;
- Қостанай қаласының әуежайына – 5 рейс, 268 жолаушы анықтамамен келген;
- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 173 жолаушы анықтамамен келген;
- Жезқазған қаласының әуежайына – 2 рейс, 22 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы анықтамамен келген;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы анықтамамен келген;
- Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келген;
- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 2021 жылдың 2 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген азаматтардың ПТР талдауларының нәтижесі жарияланды.
«Анықтамасыз келген 34 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті», - делінген комитет хабарламасында.