$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2021, 11:08
Жаңалықтар

Қазақстанның алты өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр – ДСМ

КВИ таралуы бойынша үш өңір «сары» аймақта тұр

Қазақстанның алты өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр – ДСМ
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша еліміздің алты өңірі әлі де «қызыл» аймақтан шыққан жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтсақ:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары тұр;

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары тұр;

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2054 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 253 107 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 11 адам көз жұмды.   

Серіктес жаңалықтары