СҚО-да лауазымды тұлға жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол еңбек жастарына жалға берілетін тұрғын үй үшін пара алған болуы мүмкін

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Петропавл қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы лауазымды тұлғасы жемқорлық күдігіне ілінді. қылмыстыәрекетінің жолы кесілді. Ол орталық теңгеріміндегі коммуналдық тұрғын үй қорынан мұқтаж адамдарға, атап айтқанда 29 жасқа дейінгі еңбек жастарына жалға берілетін тұрғын үй бергені үшін жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікті.

Бұл мақсатқа жас отбасыларды жеке пәтер сатып алғанға дейін, 5 жылға дейін уақытша тегін баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» атты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қарастырылған.

Лауазымды тұлға өзіне жүктелген мемлекеттік бағдарламаны орындау және іске асыру міндетін пайдалана отырып, тұрғын үйге мұқтаж ықтимал тұлғалар санатын іздестіруді және олардан пәтер бергені үшін ақша қаражатын алуды өзінің сенімді тұлғалары арқылы жүзеге асырған. Пара сомасы бөлінетін тұрғын үйдің шаршысына байланысты 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған.

Лауазымды тұлға мен оның сыбайластарына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.