Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарын таныстырды
Балжан Шәменова 1962 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген
Бүгін облыс әкімінің өкімімен Балжан Мөрәліқызы Шәменова облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі.
«Балжан Мөрәліқызы өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалымен жақсы таныс. Әр түрлі салада жинақтаған мол тәжірибесін, қазіргі таңда маңызды болып саналатын әлеуметтік саланы одан әрі жетілдіруге аянбай жұмсайды деп сенім білдіремін.Облыс әкімінің орынбасары ретінде Балжан Мөрәліқызы денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және еңбек саласындағы бақылау салаларына жетекшілік жасайтын болады.Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!», - деді облыс әкімі.
Балжан Шәменова 1962 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда қаласындағы «Риссовхозстрой» тресінің № 27 жылжымалы механикалық колоннасында штукатур-маляршы ретінде бастаған.
1984-1997 жылдары облыстың жоғарғы оқу орындарында жауапты педагогикалық қызметтер атқарған.
1997-2012 жылдары облыстық экономика басқармасының басшысы болған.
2012-2013 жылдары облыстық медицина орталығы директорының экономика бойынша кеңесшісі. 2013-2014 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясының доценті ғылыми қызметтерін атқарған.
2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры. 2016-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2019 жылғы қыркүйек айынан бастап «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшылық лауазымдарында әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет атқарып келді.