Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы нашарлайтынын ескертті
Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда 2 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, жел күші 15-20 м/с жетеді.
2 сәуірде Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 17-22 м/с жетеді.
2 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
2 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
2 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
2 сәуірде түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
3-4 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, түнде 3-4 сәуірде көктайғақ болады. 2-4 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, 3-4 сәуірде екпіні 23-28 м/с жетеді.