Азаматтардың жеке қабылдаулары онлайн форматта өтеді
Карантиндік шектеулерді ескере отырып, министрліктер мен ведомстволардың басшылары азаматтардың жеке қабылдауларын онлайн форматта өткізеді.
Сонымен, 2 сәуірде азаматтарды қабылдауды Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нурышев бастайды. 7 сәуірде - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Акмади Сарбасов, 8 сәуірде – Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, 9 сәуірде - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, 13 сәуірде - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 14 сәуірде - Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, 16 сәуірде - Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев, 21 сәуірде - Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, 23 сәуірде - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, 28 сәуірде - Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров және 30 сәуірде - Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев азаматтарды қабылдайды.
Кездесуге жазылу үшін:
1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. WhatsApp: 8 700 800 4441;
3. komek@nurotan.kz
Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш түскен. Сонымен қатар, соңғы 5 жыл ішінде партияға 1,2 миллион адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы - онлайн форматта. Оның 92% оң шешімін тапты, ақысыз консультациялар, заңдық және басқа да көмек көрсетілді.
Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру - 30%, ТКШ - 16%, тұрғын үй - 15%, еңбек даулары - 14%, құрылыс - 9%, білім беру - 9%, медициналық қызмет - 7% мәселелері алаңдатады.
Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Халыққа көмек» жобасы аясында Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Оған төменде көрсетілген телефон нөмірлері арқылы жазылуға болады.
Заңгерлер - дүйсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.