Коронавирус пневмониясынан тағы 4 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері бұл індеттен 692 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

30 наурыздағы коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 93 жағдайы және 4 адам өлімі тіркелді. Оған қоса 215 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны – 50 618, 692 адам өлімі тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 48 251-ге жетті.