Тұман және көктайғақ сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті

Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттармен жауын- шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.

Фронтардың орнына антициклон келіп республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ тұман мен көктайғақ сақталады.

Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендесе де, көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары болып қалады.