Қазақстанның бірінші ракеткасы Майамидегі турнирдің ширек финалына жолдама алды

Автор: Azattyq Rýhy

Александр Бубликтің келесі қарсыласы - Янник Синнер

фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Майами қаласында өтіп жатқан Masters турнирінің ширек финалына жолдама алды. 

Александр Бублик турнирдің төртінші айналымында әлемнің 32-ші ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцпен кездескен болатын. Аталған сын 2:1 (7:6, 6:3, 6:4) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. 

Бұған дейін Тейлор мен Бублик екі рет кездесіп, екеуінде де қазақстандық теннисші басым түскен. Ширек финалда Александр әлемнің 31-ші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі.