1 тамыздан бері бұл індеттен 684 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«28 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 192 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны – 50 443, 684 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 47 837-ге жетті», - делінген хабарламада.