Сонымен қатар 104 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылынан бастап 92 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар арасында 170 жағдай тіркелді. 104 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды, оның ішінде 95 топ бар. Қазіргі уақытта 19 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 16 топ карантин режимінде қалып отыр», - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
Оның айтуынша, 29 наурыздағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында 1654 COVID-19 жағдайы тіркелді, оның 515 (+16) немесе 31% -ы – оффлайн режимінде оқитын оқушылар, 1114 (+25) жағдай немесе 69%-ы – қашықтықтан білім алатын оқушылар. Демек, наурыз айында оффлайн режимінде оқитын оқушылар арасында аурушаңдық 10% артқан.