Қоғамдық көліктерге шектеудің қанша уақытқа енгізілгені әзірге белгісіз
№315, 316, 321 автобустарының қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Астана LRT-ға сілтеме жасап.
«Қазақавтожол» және Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық. Осыған байланысты №315, 316, 321 автобустарының қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.
Компания өкілдері әзірге шектеудің қанша уақытқа қойылғанын хабарлаған жоқ. Автобустар қозғалысын қалпына келтіру туралы қосымша хабарланады.