Олар жер алып берем деген желеумен ақша алған
Тараздық полицейлер топтасып жұмыс жасайтын алаяқтарды құрықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық жәбірленушілер бейтаныс адамдардың өздерінің сенімдеріне кіріп, оларға жер учаскелерін төмен бағамен сатып алуға көмектесуге уәде бергенін айтты. Алаяқтар олардың ақшаларын алдау жолымен иемденген десек, жалпы материалдық шығын көлемі он бір миллионнан асады.
«Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері аталған алаяқтық дерегін жасады деген күдікпен 46 жастағы әйел мен 24 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Күдіктілердің екеуі де жасаған қылмыстарын мойындады»,-делінген облыстық ПД хабарламасында.