28.03.2021, 12:28
Жаңалықтар
Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда қардың жылдам еруі қиындықтар туғызуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден
Еліміздің 4 облысында қардың тез еруіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының жазық аймақтарында қардың жылдам еруі қиындықтар туғызуы мүмкін.
«2021 жылғы 28-29 наурыз аралығында температура жылы болады және жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жазық өңірлерінде қардың тез еруі мүмкін және еріген қар суының жайылуы ықтимал», - деп жазылған мекеме сайтында.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
