$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2021, 16:31
Жаңалықтар

Коронавирус: Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Қалада өткен тәулікте 450 науқас анықталды

Коронавирус: Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияға ПТР нәтижесі оң 450 науқас анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жалпы биылғы жылдың 1 қаңтар мен 26 наурыз аралығында КВИ жұқтырған 13 236 жағдай тіркелді. 2020 жыл бойынша жалпы есебі індетті жұқтырған 18 521 жағдай тіркелген. 

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, тұрғындар арасында инфекцияның өсуінің жоғары қарқыны - британиялық және оңтүстік африкалық коронавирустық штаммдардың қалада таралуына байланысты. 

«Жаңа штамдардың жұқпалылығы алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жоғары. Инфекция деңгейі 70%-ға дейін жоғары. Сонымен қатар КВИ симптомсыз формаларын тіркеуде 2020 жылы 39%-дан 2021 жылы 32%-ға дейін төмендеу байқалады. Биылғы жылдың наурыз айының 3 аптасында коронавирустық инфекциядан ең көп зардап шеккен – 20-39 жас аралығындағы азаматтар - 38% және 40-59 жастағы адамдар - 27%, сондай-ақ 60 жастан асқандар - 20%», - делінген хабарламада.

Талдау нәтижелері бойынша биылғы жылдың наурыз айының 3 аптасында инфекцияның ықтимал орындары:

қоғамдық орындарға барғанда (сауда, қоғамдық тамақтану) - 42%, соңғы аптада - 41%-1% төмендеу; қоғамдық көлікпен жүргенде - 18%; отбасылық шаралар - 2%. 

«Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі КВИ-дің алдын-алуды күшейтуге шақырады. Соның ішінде британдық және оңтүстік африкалық штамдарды анықтау аясында. Маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қоғамдық орындарға барудан аулақ болу және адамның көп жиналуын болдырмау, сондай-ақ әлеуметтік байланысты азайту қажет», - дейді әкімдік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары