Ақтөбе тұрғындарына жыл басынан бері 201 млн теңге айыппұл салынған

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында наурыздың 26-30 аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ақтөбе қаласы полиция басқармасымен осы жылдың басынан бастап 201 млн тенгеден астам айыппұл салынып, оның өндіру пайызы 60% құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ақтөбе қаласы бойынша патрульдік полиция инспекторлары, УПИ, КЖТ УИП қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен біріккен түрде мобильдік топтары құрылып, осы іс шара өткізілу кезінде айыппұлдарды төлемей жалтарынып жүрген азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша аралап, оларға айыппұл төлеу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде»,  - деп хабарлады полиция департаменті.

ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабының талаптарына сәйкес, айыппұлдарды қасақана төлемей жүрген көлік құралдарының иелерін жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету кезінде «Автоураган» АБК қолданысымен анықтап айыппұл тұрақтарына қойылды.