Қыс басталғалы республикалық тас жолдардағы қозғалысқа шектеу барлығы 997 учаскеде енгізілген
Мейрам күндері, яғни наурыздың 20-24 аралығында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы 86 учаскеде автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Ең көп жабылған жол учаскелері бойынша бірінші орында Ақмола облысы тұр. Мұнда қозғалысқа шектеу 29 жол учаскесінде енгізілді.
Қарағанды облысында жолдар наурыздың 20-сы мен 24-і аралығында 15 мәрте, ал Шығыс Қазақстан облысында 14 рет жабылды. Айта кету керек, бес күннің ішінде аталған өңірлерде жауын-шашынның айлық мөлшері түскен.
Қыс басталғалы республикалық тас жолдардағы қозғалысқа шектеу барлығы 997 учаскеде енгізілген.