Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі газдандырумен айналысатын негізгі компаниялармен үйішілік газбен жабдықтау құнын төмендету бойынша келісім жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.
Әкімдік газбен жабдықтау желілерін жүргізу құнын төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізген компаниялар жайлы төмендегі сілтеме арқылы білуге болады.
Мәселен, ұзындығы 30 метрге дейінгі газ құбырын монтаждау – 150 000 тг. Бұл сомаға мына жұмыстар кіреді:
- 1) газ құбырының 30 метрі (құбырдың диаметрі Ду 25 мм артық емес);
- 2) тірек орнату – 1 дана (диаметрі Ду57 мм);
- 3) нысанды газбен жабдықтау жөніндегі жұмыс жобасы;
- 4) бекіту арматурасы (диаметрі-Ду15; Ду20; Ду25 газ краны);
- 5) шығын материалдары (каболка, газ құбырына арналған майлау, тегістеуге арналған дискілер, ЖЖМ, Ду25, Ду20 бұрмалары, Ду25, Ду20, Ду15 клипстері;);
- 6) үй ішіндегі газ құбырын бояу (- 30 м дейін және тіреуіш);
- 7) газ есептегішті орнату;
- 8) газ сигнализаторын орнату;
- 9) Құбыр кіруі үшін тесік (Ду57-3 дана);
- 10) газ құбырының - 30м техникалық құжаттамаларын дайындау (өрт актісін, МГҚ қоспағанда).
- Сонымен қатар, жоғарыда аталған 150 мың теңгеге мынадай жұмыстар кірмейді:
- 1) қазандықтың жылу байланысы (жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылу);
- 2) желдету каналын орнату, бұрғылау жұмыстары, сантехникалық құбырлар сатып алу;
- 3) түтін жою жүйесін орнату, тесіктерді бұрғылау жұмыстары, түтін шығарғышты сатып алу;
- 4) жабдық (газ қазандығы, сигнализаторлар, иілгіш шланг, газ қазандығының жинақтауыштары, газ плитасы);
- 5) өрт актілері (түтін жою жүйелері, желдеткіш арнасы);
- 6) үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шарты;
- 7) газ қазандығын іске қосу, жөндеу жұмыстары және сервистік қызмет көрсету 1 жыл;
- 8) ҚТГ Аймақ-қа ақы төлеу (қабылдау, пломбалау, қазандық пен газ плитасын бастапқы іске қосу);
Нысанның қорытынды құны жұмыс жобасына сәйкес жеке есептеуден кейін жарияланады. Газдандыру бойынша жұмыстарды жүргізудің түпкілікті құны газ құбырының ұзындығына, диаметріне, жабдықтар санына және газбен жабдықтау бойынша басқа да мәселелерге байланысты, олар 150 000 теңгенің айналасына көзделмеген.