Қарағанды облысында коронавирус жұқтыру деңгейі 20 пайызға өсті

Автор: Azattyq Rýhy

Оған наурыздың басындағы мереке күндері халықтың шектеу шараларын бұзуы себеп болған

liter.kz

Қарағанды облысында 2021 жылының басынан бері COVID-19-дың зертханалық жолмен расталған 4 827 жағдайы тіркелген. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 47,6-ны құрады. Репродуктивті саны Rt-1,048 көрсетуде. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Ақпан айымен салыстырғанда наурызда індетті жұқтыру деңгейі 19,5%-ға өскен. Басты себептерінің бірі, наурыз айының басындағы мереке күндері халықтың шектеу шараларын бұзуы болған.

Өткен апта тіркелген жағдайлардың жас және әлеуметтік-кәсіби құрылымы бойынша бөлінісі:

- 60 жастан асқан адамдар (26,4%),
- 14 жасқа дейінгі балалар (18,6%),
- 50-59 жас шамасындағы (13,2%) еңбекке қабілетті адамдар және 30-39 жас аралығындағы (15,2%) жастар болып табылады.

Әлеуметтік және кәсіби құрылымдар арасында зейнеткерлер (23,9%) әлі де басым, жұмыс істемейтін адамдар, оның ішінде үй шаруасындағы әйелдер (18,3%), жеке кәсіпкерлік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлері (12,9%), мектеп оқушылары (12,7%) құраған.