2019-2020 жылы мұндай су басу қаупі бар учаскелер саны 37 болған
Нұр-Сұлтан қаласына су басу қаупі бар 29 учаске белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қалада 29 су басу қаупі бар учаске белгіленді. 2019-2020 жылы мұндай су басу қаупі бар учаскелер саны 37 болған. Тоқтаусыз атқарылған жұмыстың арқасында ол бүгін азайған. Қазір сол 29 участок бойынша қар тазалау, арықтарды тазалау сияқты жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қыс басталғалы қалада 1 млн 400 мыңғы жуық текше метр қар шығарылған. Қалада 11 қар шығару полигоны бар және осы уақытқа дейін олардың ешбірі толмаған», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бауыржан Бейсенқанов.
Былтыр осы уақытта қалада 6 млн текше метр қар шығарылған еді.