Әлі де 8 рейстің ұшуы кейінге шегерілген
Елордада қолайсыз ауа райына байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшақтардың ұшып-қонуы қайта жанданды деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
«Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын қайта бастады. Ұшу-қону жолағы ашылды, дегенмен сегіз рейс уақытша тоқтатылған. Ақпаратты алдын ала колл-орталықтардан, әуежайдың анықтама орталығынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады», - деді әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.
Еске салайық, 23 наурызда астанада ауа райының қолайсыз болуы байланысты 9 рейс кейінге қалдырылып, тағы алтауы мүлдем ұшырылған жоқ. Ұшу-қону жолағы түнгі үшке дейін жабық болды.