ШұғылCOVID-19: Өткен тәулікте 2,5 мың адамнан вирус анықталды

Зарина Дияс Майамидегі турнирде әйгілі Винус Уильямсты жеңді

Бүгін кортқа қазақстандық тағы екі теннисші Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева шығады

Eurosport

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майамидегі (АҚШ) турнирдің екінші айналымына шықты деп жазады Vesti.kz. Бірінші айналымда отандасымыз америкалық теннисші Винус Уильямсты 6:2, 7:6 есебімен жеңді. Айта кету керек, аталған турнирдің жүлде қоры 3,2 млн долларды құрайды.

Аталған кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды. Қос сеттің нәтижесінде, Зарина Дияс бес рет брейк жасап, бірде-бір рет қателік жібермеген. Ал, 40 жастағы Винус Уильямс 5 рет эйс жасап, үш брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Бұған дейін қос теннисші бір рет кездесіп, ол кезде америкалық спортшы жеңіске жеткен болатын.

Енді турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисшіге швейцариялық Белинда Бенчич қарсылас болады.