75 науқас аса ауыр халде жатыр
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониядан 10 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
24 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде КВИ-ден 22 014 адам емделіп жатыр (19 246 КВИ+ және 2 768 КВИ-), олардың 6537-і стационарда, 15 477-і амбулаторлық ем қабылдауда.
КВИ- және КВИ- ауырғандардың ішінде:
304 науқас ауыр жағдайда;
75 науқас аса ауыр жағдайда;
42 науқас жасанды желдету аппаратына қосылған.