Шымкент пен Ыстамбұл арасындағы әуе рейсі қайта жанданады
Рейстер аптаның дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 10 наурыздағы шешіміне сәйкес әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент бағытында халықаралық тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылғы 5 сәуірден бастап "SCAT" әуе компаниясы Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында аптасына 2 рейспен ұшуды бастайды.
«Рейстерді Б737 әуе кемесі аптаның дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындайды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады», - делінген ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.