Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың 11 өңірінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады

 
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер еліміздің 11 облысында ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

24 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

24 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

24 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с жетеді.

24 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с жетеді.  

Түнде 24 наурызда Павлодар облысында кей жерлерінде қатты қар болады, тәулік бойы 24 наурызда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.  

24 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.  

24 наурызда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

24 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман болады. Түнде кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

24 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

24 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.