Нұр-Сұлтанда ақтүтек боран соғып тұр
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бір әуе рейсі тоқтатылып, тағы бірнеше рейс қосалқы әуежайға жіберілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» авиарейсі тоқтатылды. Сағат 11:00-ден 18:00 аралығындағы дауылды ескертуге байланысты жел 12 м/с дейін күшейіп, екпіні 17 м/с дейін жетеді деп болжанған. Сондай-ақ қосалқы әуежай Алматыға «Шымкент-Нұр-Сұлтан» рейсі және №КС7342 «Қ останай-Нұр-Сұлтан» рейсі жіберілді», - деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Жолаушылар рейске қатысты толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен және әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сондай-ақ авикомпаниялардың колл орталықтарынан біле алады.