Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады
Бүгін, 23 наурызда елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. «Қазгидромет» РМК ауа райы туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«23 наурызда елордада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с, ауа температурасы түнде -6-8, күндіз 0-2 градус аяз болады», - делінген хабарламада.
Ертең синоптиктер көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжап отыр. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -8-10 градус нөлден төмен, күндіз 0 градус болады.