Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді

Автор: Azattyq Rýhy

Комиссия құрамы 80 адамнан тұрады 

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін жер реформасы бойынша комиссия құрылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланды. 

Осыған байланысты 19 наурызда ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» № 62-ө өкімге қол қойды.

Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі мен құрамы бекітілген.