Наурыз мейрамы аясында «Шаңырақ–Best» онлайн байқауы өтті
Естай атындағы мәдениет сарайының халық шығармашылығын дамыту бөлімшесі «Наурыз – 2021» мейрамы аясында «Шаңырақ–Best» онлайн байқауын өткізді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Байқаудың ережесі бойынша ұлттық тұрмыс заттарын, ас үй, ыдыс-аяқ, костюмдерді пайдалана отырып, үйді ұлттық нақышта безендіру керек. Үйге экскурсия стилінде бейнеролик түсіріп, халық мақал-мәтелдері, үй туралы мақал-мәтелдер басым болатын презентацияларға артықшылық берілді. Презентация тек ұлттық костюмдерден ұсынылды. Бейнеролик креативті және ерекше рәсімделуі тиіс. Қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға рұқсат етілді. Бейнеролик 3 минуттан аспауы тиіс», - дейді Естай атындағы мәдениет сарайының халық шығармашылығын дамыту бөлімінің меңгерушісі Алма Тұрарқызы.