Олардың бірі Шарм-эль-Шейхтен, бірі Минскіден ұшып келген
21 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Венгрия, Мальдив, Шри-Ланка, Ливан, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 43 халықаралық әуе рейсімен 5 356 жолаушы келді. Олардың ішінде 5 179 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 177 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 20 наурызда шетелден анықтамасыз келген 400 ҚР азаматының екеуінен коронавирус инфекциясы анықталды: бір жолаушы Шарм-эль-Шейхтен (Египет) Ақтөбе қаласына, екінші жолаушы Минскіден (Беларусь) Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген.