Коронавирус белгілері бар пневмониядан 1 адам қайтыс болған
22 наурыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 287 науқас ауыр халде жатыр. Сондай-ақ, тағы 65 науқастың жағдайы аса ауыр деп хабарлайды Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Жалпы, ел бойынша коронавирустан 21 314 адам емделіп жатыр. Стационарда 6 369 науқас жатса, 14 945 адам амбулаторлық ем қабылдауда.
ВАК өкілдерінің хабарлауынша, 20 наурызда Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония жұқтырған 21 адам тіркелген. Бір науқас қайтыс болған.