ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Алтай Көлгінов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Ол осы жылы Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатқанын айтты

Астананың әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сіздерді табиғаттың жаңаруы, көктем мерекесі — Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Қала тұрғындары бар жақсылықтың, отбасы және мәдени құндылықтардың символы болып табылатын бұл жарқын мерекені ерекше күтеді! Биыл эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мерекелік іс-шаралар болмайды. Осы жылы Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатыр. Мереке аясында қалада игі істерге арналған акциялар өткіземіз, мұқтаж адамдарға көмек көрсетеміз», - деп жазды ол.

Әкімнің айтуынша, мереке күндері 2 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылмақ.

«Олар егде жастағы адамдарға, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға беріледі. Себеттерді жинауға қалалық мәслихат депутаттары, Halyk bank, кәсіпкерлер, еріктілер, белсенді қала тұрғындары және т.б. көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар жалпыұлттық марафон аясында аулаларды қар мен мұздан тазартуға, дәрі-дәрмектерді тасымалдауға көмек көрсетіледі. Наурыз – жаңару мерекесі, адамдар жақындарына көмек қолын созатын кез. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға