Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 19 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус жұқтырған 259 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 21 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметі бойынша, 20 912 адам короновирус инфекциясынан (17 654 КВИ+ және 3 258 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 185 пациент стационарда, 14 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 259 адамның жағдайы ауыр;
• 63 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 19 наурыздағы мәлімет бойынша 51 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған, 196 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 50 100;

өлім жағдайлары – 661;

барлығы 46 181 адам сауығып шықты.