ШҚО-да қатты желден құс фабрикасының төбесі құлап түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен ешкім жоқ

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Глубокое ауданында секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғып, Предгорное ауылында орналасқан құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып жіберген.

«Ғимараттың жалпы ауданы 680 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.