Синоптиктер ескерту жариялады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше бағытта жол жабық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.
Ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (0-159), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км) жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Жабылу себебі – қатты бұрқасын, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетеді.