Сонымен қатар төрт облыс «сары» аймаққа енді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20 наурызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің екі ірі қаласы мен бір облысы «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сонымен, бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан облысы тұр;
«Сары» аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары тұр;
Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1310 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 230 527 адамға жетті.