Қызылорда облысында жазасын өтеушілерге есірткі жеткізбек болған тұрғын ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изояторына қамауға алынды

Қызылорда облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЗК-169/5 мекемесінің бақылау-өткізу пункті арқылы жалпы салмағы 67,62 гр. марихуана өткізбекші болған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аяқ киімінің ішіне жасырып, жазасын өтеп жатқандарға есірткі өткізбекші болған Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау изояторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.