Ресейде қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бастапқы тыңдау 23 наурызда өтеді

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бастапқы тыңдау 23 наурызда өтеді.

«Тергеу аяқталды, дәлел жиналды. Алқабилер соты болады. Біз бұл туралы бүгін ғана білдік. Негізінде Никулин аудандық сотында екі тарап та қашықтан қатыса алатындай техникалық жағдайы жоқ», - дейді қыздың анасы Жанна Ахметова.