Жамбыл облысында шопан 300 қойымен бірге адасып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Ол екі күн өткен соң табылды

Жамбыл облысында бір отар қойымен адасып кеткен шопан екі күннен соң табьылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауылының тұрғыны «Сұңқар» шаруа қожалығының жетекшісі өзінің қол астында жұмыс атқаратын шопаны 13 наурыз күні Меркі ауданы құмды алқабында, малын бағып кетіп, содан қайтып келмегені бойынша полиция бөлімшесіне хабар берген. 

15 наурыз күні адасып қалған шопан малымен араға екі күн өткен соң табылды.