Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілді

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де Қазақстанның батыс өңірінде, соның ішінде Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самара-Шымкент» тасжолының 394-526 км. аралығы, яғни Жампиты елдімекені мен Ақтөбе облысы шекарасы аралығындағы жол бөлігінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (38-159 км), Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Приурал-Ақсай (0-35), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Орал-Кирсанов (1-83 км), Барбастау-Ақжайық-Индербор (0-108 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км), Аңқаты-Сарыөмір (0-64 км) және Федоров-Ақсай (0-82 км) жолдарында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелген еді.