Головкиннің келесі жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жапон боксшысы Риота Мурата болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы орта дивизионда WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы ықтимал. Екі тарап белебулер біріктірілетін жекпе-жек туралы келіссөз бастағаны хабарланған.

Бұл жайында Fino Boxing басылымына мексикалық Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді.

«Головкин жапон боксшысымен жұдырықтасқысы келеді. Иә, ол да чемпион, бұл үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін», - дейді Бельтран.

Сонымен қоса, Головкин мен Мунгия 7 мамыр Техаста жекпе-жек өткізу туралы келіскені де хабарланған болатын. Дегенмен кейін, мексикалық бұл ойынан бас тартып, сәуірде басқа қарсыласпен жұдырықтасатыны белгілі болды.