Күдікті жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтқан
Өскемен қаласының тұрғыны жұмысқа орналастыруға көмектесетіндігін айтқан алаяққа жарты млн теңге берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО полиция департаменті баспасөз қызмете сілтеме жасап.
Наурыз айының басында Өскемен қалалық ПБ «102» жедел арнасына 27 жастағы ер адам хабарласқан. Өз сөзінде ол шаһар аумағында орналасқан сауда үйлерінің бірінде әңгімеге тартқан жақын танымайтын жігіттің «жұмысқа орналасуыңа көмектесемін» деп 500 000 теңге сұрағанын айтты. дБұған сенген ол алаяққа аталған соманы бере салған. «Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 28 жастағы қала тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.