Ауызсуға жауапты мекеменің жұмысшыларына 2 айдан бері жалақы бермеген
Павлодар облысындағы Май ауданы тұрғындары Ертіс өзенінен су ішіп жүр. Өйткені орталық су құбыры істен шығып, бүтін ауыл сусыз қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Ауызсуға жауапты мекеменің жұмысшыларына 2 айдан бері жалақы бермегенінде анықтады.
Аудан орталығында тұратын Жанар Нұрғожина, суды өзеннен тасып жүр. Өйткені, су құбыры өткен жұмада істен шыққан. Амалы таусылған бұқара күніне екі рет келіп, өзеннен су алады. Себебі, суды үйге жеткізуде оңай болмай тұр. Сондықтан аз-аздан таситындарын айтады.