Күдікті қылмысын мойындады
Ақмола облысының тұрғыны танысының бетіне сірке қышқылын шашып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Степногор қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғынның «көздің сірке қышқылымен химиялық күйігі» диагнозымен жеткізілген. Шақыру бойынша барған полиция қызметкерлері зардап шегуші ер адам мен оның танысының бірлесіп спирттік ішімдік ішкенін, артынша екеуара жанжал шығып, танысы ер адамның бетіне сірке қышқылының ерітіндісін шашқанын анықтады.
Күдікті жақын маңдағы ауылдардың бірінде тұратын 54 жастағы әйел болып шықты. Ол қылмысын мойындады.