Алматыда КВИ-ге қарсы 20 млн бірлік дәрілік препарат бар

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандардың айтуынша, мегаполисте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда COVID-19 вирусына қарсы 20 млн бірлік дәрілік препарат бар. Қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен құрылған тұрақтандыру қорына жүктелген. Қалада дәрі-дәрмек қоры қазіргі уақытта жеткілікті. Алматы қаласы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі, «Almaty Finance» басқармасының төрағасы Тимур Хаировтың сөзінше, қажетті препараттармен қамтамасыз ететін арнайы қор да құрылған. Оған 5 млрд теңге бөлінген. 

«Фармацевтикалық компаниялар 47 млн бірліктен астам дәрілік құралдар және 68 позиция бойынша медициналық бұйымдар сатып алуды жүзеге асырды. Шамамен 27 млн бірлік дәрілік құралдар Алматы қаласының дәріханаларына жеткізілді және қоймаларда шамамен 20 млн препарат бар, оның 8 млн-ы азайтылмайтын қалдықты құрайды», - деді Тимур Хаиров. 

Қаланың аудандық әкімдіктері КВИ-ді емдеу хаттамасына кіретін 22 негізгі позиция бойынша 375 дәріханаға жүйелі түрде мониторинг жүргізеді. Короновирусқа қарсы қолданылатын негізгі кардиомагнил 150 мг №100 және кардиомагнил 75 мг №100 препараттарының жаңа шекті бағалары да бекітілген. 

«Аталған өзгерістер қалған дәрілердің қайта бағалауын жүргізу, көтерме сату дистрибьюторларымен және бөлшек сату желілерімен қайта шарттар жасасу қажеттігіне байланысты, бүкіл Қазақстан бойынша дәріхана желілеріне кейбір препараттардың жеткізілімінің уақытша қиындықтарын тудырды. Жекелей алғанда, Кардиомагнил препараты жеткізілімнің уақытша кідірістері болды. Бірақ, қала дәріханаларында «ацетилсалицилды қышқыл» халықаралық патенттелмеген атауымен сондай басқа да препараттар болды. Олар Тромбопол НЕО, Асс тромбин, Тромбо АСС және басқа да осы секілді дәрілер», - деді «Almaty Finance» басқармасының төрағасы. 

Жуырда Алматы қаласының дәріханаларына кардиомагнилдың 11 мыңнан астам орамы жеткізілмек. Бөлшек сату және тарату жұмысымен «Эмити», «Зерде» көтерме компаниялары айналысады. «Эмити» компаниясы препаратты 1 бөлшек сатумен айналысатын 77 заңды тұлғаға, «Зерде» 43 заңды тұлғаға жөнелткен.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы