Коронавируспен ауырып жатқан 239 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 239 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

16 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 375 адам короновирус инфекциясынан (15 449 КВИ+ және 3 926 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 163 пациент стационарда, 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  239 адамның жағдайы ауыр;
  •  51 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  •  36 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.