Павлодарда кран құлап, 30 үй жарықсыз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Павлодарда кран құлап, 30 үй жарықсыз қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрылыс жұмыстары кезінде жеке ұйымның шынжыр табанды краны электр беру желісіне аударылып түсті, салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй бірнеше сағатқа электрсіз қалды», - деп жазылған хабарламада.

Зақымдалған электр желісін қалпына келтіру үшін шамамен бес сағат қажет болды.