Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирустың 360 жаңа жағдайы тіркелді
Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясының 360 жаңа жағдайы тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алматылықтарды жауапты болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов кәсіпкерлік субъектілерге қызметкерлер мен келушілердің денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруға шақырды.
«Карантин талаптарын жиі бұзатындар және мемлекеттің барлық қаулысы мен өтінімін қасақана бұзатын адамдарды, егер ол бизнес субъектісі болса, онда келушілер мен өз қызметкелері үшін жауап береді», - деді Рафаэль Гасанов және кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын жауапкершілікті сезінуге, өз денсаулығына және айналасындағыларға қамқорлық жасауға шақырды.