Жігіт полицейлердің сөзін тыңдамаған және қарсылық танытқан
Павлодар қаласының полициясына Құдайбердиев көшесінде жігіт үйдің төбесінен секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Рavlodarnews.kz -ке сілтеме жасап.
«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азамат Мұстафин мен Әсет Тамешев жас жігіттің карниздің шетінде тұрғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының сөзіне құлақ аспаған. Инспекторлар кәсіби түрде әрекет етті, олар үшін ең бастысы жігітті ойланбай жасалған қадамнан көндіру болды», - деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.
Жігіт полицейлердің сөзін тыңдамаған және қарсылық танытқан. Бірақ ұзақ келіссөздерден кейін полицейлер павлодарлықты құтқарып қалды. Инспекторлармен әңгімелесу барысында ол өзінің жеке өміріндегі проблемаларға байланысты осындай қадамға барғанын айтты.