$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.03.2021, 21:05
Жаңалықтар

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен төрт қыздың бірі қайтыс болды

Ақпаратты облыстың Денсаулық сақтау басқармасы растады

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен төрт қыздың бірі қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында көлік қағып кеткен төрт оқушының біреуі бүгін қайтыс болды. Оқушы қыз ес жимаған күйі  12 күн комада жатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында 8 және 9 жастағы төрт қызды масаң күйдегі 54 жастағы жүргізуші қағып өте шыққан еді. 2012 жылы туған екі қыз сол уақыттан бері комада жатты. Дәрігерлер екеуінің де жағдайын өте ауыр деп бағалаған. 

«Бүгін 2012 жылы туған қыздардың  бірі қайтыс болғанын растаймыз. Басқа ақпарат бере алмаймыз. Өзге ақпаратты таратуға ата-анасы қарсы», - деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Жабық бас ми жарақатын алған,  қос қабырғасы мен жамбас сүйектері сынған екінші оқушы әлі комада жатыр. Дәрігерлер ауруханадағы балалардың жағдайын әлі де ауыр деп бағалауда.

Серіктес жаңалықтары